{module kcell раздача уголя 18.12.14}
Жағдайы төмен отбасылар үшін қысқы мезгілдегі басты мәселе бұл жылудың жетіспеуі немесе мүлдем болмауы. Көмір жер үйлер үшін әлі күнге дейін жылудың негізгі құралы болып саналады әрі әсіресе ауылдық жерлерде оның орнын еш нәрсе баса алмақ емес. Біз көмірдің бағасы жайлы айтпаймыз, тек оның құнының жыл сайын қымбаттап жатқандығын еске сала кеткіміз келеді. 2014-2015 жылдың қысында бір тонна көмірдің бағасы 11 мың теңгеге өсті. Жағдайы төмен отбасылардың өздерінің қыс бойы қолданатын көмірлерін бір дегеннен сатып ала алмайтыны белгілі. Ал бұл аса маңызды мәселе. Себебі үйде жылудың болмауынан балалар да, ересектер де ауруға шалдығады. Нәтижеде дәрі-дәрмек пен жылы киімге т.б. артық шығын шығады.
Осындай жағдайдағы жандарға қалай көмектесуге болады? Осы мәселемен қоғамдық қор «Шұғыла» айналысып, мынадай тартымды жобаны іске асыруға шешім қабылдады. Қазақстанның ұялы байланысының жетекші операторы Kcell осы жобаға қолдау көрсетіп, қол үшін беретіндігін айтты. «Шұғыла» қоры Kcell компаниясымен бірлесіп «Аялы алақан» атты акция жариялады. Kcell мен Activ абоненттері 1919 нөміріне СМС жіберулеріне болады. СМС құны 250 теңге. Бұдан түскен қаражат «Шұғыла» қоғамдық қорының есепшотына түседі. Нәтижеде қордың көптеген жобаларын іске асыруға жұмсалады. Соның бірі «Жанұяға жылу сыйла» жобасы. «Жанұяға жылу сыйла» қыс мезгіліне жеткілікті деңгейде көмір сатып ала алмайтын, жағдайы төмен отбасыларға бір тонна көмірден тарататын мерзімдік жоба. Бұл жоба еліміздің бірнеше аймақтарында іске асырылуда және сол арқылы халықтың ыстық ықыласына бөленуде. Осы ізгі іске Kcell компаниясының қызметкерлері де үн қатты. Олар тек қаржылай көмек көрсетіп қана қойған жоқ. Сонымен бірге көмірді тарату ісіне де белсенді атсалысты.
Бір СМС-тің өзі әлдекімнің сөнуге айналған үмітін қайта жағуы мүмкін. Қиын сәттерде қол ұшын беретін, өзгенің жағдайына бей-жай қарай алмайтын жандардың бар екеніне «Шұғыла» қоғамдық қоры сенімді.