Жуырда қорымызға қарасты еріктілер Жақсыгүл атты қыз балаға ортез алып беру үшін қаржы жинаған болатын. Науқасына артрогриппоз деген диагноз қойылған Жақсыгүл аяғын түзеп, жүрісін дұрыс қалыптастыру үшін арнайы аяқкиім – ортезге мұқтаж еді. Республикалық балалар оңалту орталығына тапсырыс беріліп, бүгін Жақсыгүл сол арнайы аяқкиімге қол жеткізді.
Анасы Фируза Илиясованың айтуынша, «Біз бүгін қызымызды үйге кіргізе алмай әлекпіз. Өйткені далада басқа балалармен ойынның қызығына кірісіп, үйге кіргісі де келмеуде».
Еріктілердің белсенді көмек бергеніне шынайы алғысымызды білдіреміз!