{module «Береке» Алматы 28.06.14}
15 маусым мен 8 шілде аралығында «Береке» жобасы аясында қоғамда қиын жағдайға тап болып отырған 750 отбасыға азық-түлік таратылатын қайырымдылық акциясы өтуде. Бұл отбасылар Алматы қаласында және Алматы облысының Еңбекшіқазақ, Талғар, Жамбыл, Қарасай аудандарында мекендеуде.
Үш баланың анасы, жесір әйел Марина Артамонова қайырымдылық мақсатта еріктілердің өзіне күтпеген жерден келгенін көргенде, қуанып былай деді:
– Жанұямызға тосын сый жасағандарыңыз үшін рақмет айтамыз. Арнайы көңіл бөлгендеріңізге, бізге және балаларымызға ұзақ уақытқа дейін қуаныш сыйлайтын сыйлықтарыңызға рақмет! Қаламызда осындай шын мәнінде жақсылықсүйгіш, қайырымды азаматтар көбейе берсе екен.