Қаңтарда жиналды: 5 861 499 тг
Биыл жиналды: 5 861 499 тг

«Жанұя жанұяға көмектеседі» Шымкент.

{module Шымкент. «Жанұя жанұяға көмектеседі» жобасының фото есептемесі}

 

2014 жылдың 19-30 сәуір аралығында «Шұғыла» қоғамдық қоры Шымкент қаласының Абай ауданының Ақжар ауылында «Жанұя жанұяға көмектеседі» жобасы аясында киім тарату шарасын өткізді.

 

Әлеуметтік жағдайы нашар отбасылар, көп балалы отбасылар, жалғыз басты ата-аналар және әр-түрлі топтағы мүгедектер, жалпы 12 күн ішінде 161 отбасы «дүкеніміздің» қонақтары болды.

 

Осы шараны ұйымдастыруға арнайы бөлме бергені үшін Абай ауданының әкімшілігіне және Ақжар ауылының әкімшілігіне алғысымызды айтамыз. Ал осы шара аясында белсенді ат салысқан, күні бойы дүкенде болып, заттарды орналастыруға және отбасыларға киім таңдауға көмектескен еріктілерге ерекше алғысымызды білдіреміз.

 

Акция керекті мөлшерде киім жиналғаннан кейін қайта басталатынын және осыған орай жұртшылықтан киім, тұрмыстық техника қабылдау одан әрі жалғасатынын жариялаймыз.