{module Выездной профилактический медицинский осмотр в м-не Татарка}
Достар! Профилактикалық медициналық тексерулер өткізу қорымыз үшін жаңа іс-шара. Бұндай тексеру өткізудің мақсаты ауруларды ерте кезеңде анықтау және олардың асқынуын алдын-алу, халықтың денсаулығын қалыптастыру мен нығайту болып табылады. Бұл жобаны біз «Медилэнд» және «Сұңқар» емханаларымен бірігіп жүзеге асырудамыз, сондықтан оларға қайырымдылықты дамытуға қосқан үлестері үшін шын жүректен алғысымызды білдіреміз. Сонымен, бір жарым ай дайындықтан кейін біз алғашқы көшпелі медициналық тексеруді Алматы қаласының Татарка шағын ауданында орналасқан №64 орта мектебінде өткіздік. Бұл тексеруді 9-11 сыныптар арасында өткіздік. Тексеру нәтижесінде әр түрлі эндокриндік аурулар, жүрек аурулары, асқазан-ішек жолдары аурулары, қан, жүйке жүйесі, тыныс жүйесі аурулары және үш оқушыда өкпе құрты болуы ықтималдығы анықталды. Оқушыларды медициналық тексеруден өткізудің соңғы қорытындысы, сонымен қатар, медициналық карталары №2 қалалық емханасына ұсынылды.