Осы жылдың 5-6 сәуірінде «Шұғыла» қоғамдық қоры «Мағыналы күн» жобасының аясында ағаш отырғызу шарасын жоспарлауда.
Қаламызды жасылдандырудағы екінші шарамыз. Бұл жылы Алматы қаласы Алатау ауданы Шаңырақ шағынауданында орналасқан «Халық» паркінде 200 ағаш отырғызу көзделіп жатыр. Шараға қатысу құны 10 000 тенге. Бұл жобаға ағаштың кұны, ағаштарды жеткізу, күрек, қажетті құралдар, тыңайтқыш және түскі ас кіреді. Отырғызу күнінде ағаштар сатылмайды. Сондықтан шараға қатысуға ниеттілер алдын ала қор кассасына қатысу құнын өткізіп төлемді растайтын құжатты алу керек.
Отбасыңыз және достарыңызбен көңілді де пайдалы уақыт өткізу мүмкіндігін өткізіп алмаңыз. Қалаға пайдалы – Сізге де пайдалы!
Әркімді шараға қатысуға шақырамыз!
Толығырақ мәлімет алу үшін 247-80-61 нөміріне қоңырау шалыңыз.